Ұзынағашта әскери қызметкер өзін-өзі атып тастады

Sputnik Казахстан
Қатардағы жауынгер басынан жарақат алған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұзынағаштағы (Алматы облысы) әскери бөлімде Ұлттық ұлан әскери қызметшісі қаза болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

"2019 жылдың 23 қаңтарында түнгі сағат 01.35-тер шамасында ішкі қарауылда қызмет атқарып тұрған әскери қызметкер өз атына бекітілген қарумен өзінің басынан атып, алған жарақаты салдарынан қаза болды. Ол 2018 жылдың маусымында Астана қалалық қорғаныс істері департаменті арқылы шақырылған", — деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша материалдар Алматы әскери-тергеу басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қызметтік тексеру тағайындалды.

Қатардағы әскери қызметкердің неліктен өзіне қол жұмсағаны анықталып жатыр.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?