Шабадандағы адам. Алматы әуежайында хайп жасаған ерке тотай бала тұтқындалды

Public Domain Pictures
Бірақ ол - Назар Роллан емес

Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысы барлардың бірі үш тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуежай қызметтерінің штаттан тыс жағдайларға тексермек болды деген тәрізді хайпқа қатысы барлардың бірі ӘҚБк 434-бабының 1-бөліміне сәйкес үш тәулікке қамауға алынған.

Белгілі болғандай, тұтқындалған азамат - Назар Роллан емес. Алдын ала мәлімет бойынша, ол - пранкер Рамбердиев Рамазан екен.

Ал, оқиғаның басқа қатысушыларына қатысты әкімішілк өндіріс тоқтатылды.

Өткен күні Алматы әуежайында бір адамды шабаданмен жүк лентасы арқылы өткізбек болды деген ақпарат тараған болатын. Хайпқа қатысы барлардың бірі - көлікті жолдың қарсы бағытымен жүргізгенді ұнататын аты шулы Назар Роллан екені хабарланған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс