Алматы облысында жасөспірім баланы қағып кеткен жүргізуші қамаққа алынды

liter.kz
Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтпек болған 11 және 13 жасар ағалы-інілі екі баланы «HYUNDAI» маркалы кіші жүк көлігі қағып кеткен.

«Іле ауданының орталығында жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кеткен жүргізуші қамаққа алынды»,- деп хабарлайды zakon.kz, Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 24 қаңтар күні Өтеген батыр кентінде орын алған. Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтпек болған 11 және 13 жасар ағалы-інілі екі баланы «HYUNDAI» маркалы кіші жүк көлігі қағып кеткен. Оқиға орнында 11 жасар бала көлік апатынан алған жарақаттан көз жұмды. 13 жастағы жасөспірім әртүрлі дене жарақатын алып, амбулаторлық емдеуге жіберілді.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 23 жастағы көлік жүргізушісі Іле ауданы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды»,- деп атап өтті ведомство өкілдері.

Айта кетейік, көлік апатынан кейін жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші алкогольді ішімдік қабылдамағаны анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты