Ақорданың қателіктері Кремльге сабақ болды – саясаттанушы

pixabay.com
Сарапшы Ресей мен Қазақстан үкіметтерінің соңғы шешімдерін өзара салыстырып көрген екен.

Саясаттанушы Талғат Қалиев Ресей үкіметінің шешімдері Қазақстанның жолына ұқсас, деген пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Владимир Путиннің Федералдық жиналыстағы жолдауы әлеуметтік сипатта болды, дейді ол.

"Путиннің дәстүрлі жолдаулары сыртқы әлемге бағытталып, сыртқы саяси басымдықтарға негізделетін. Ал кешегі он бесінші жолдауы қарапайым халықты қамтып, мұның алдында ғана Назарбаевтың жолдауында айтылған бастамаларға ұқсас болды", – деп жазады сарапшы өзінің Telegram-каналында.

Көпбалалыларға жеңілдетілген ипотека, олардың ипотекалық несиелерінің бір бөлігін төлеп беру және үшінші баладан бастап әлеуметтік төлемдерді көбейту – бұл бастамаларының бәрі Қазақстандағы көпбалалы әйелдер көтерген талаптарға сай келеді. Өйткені қазір Қазақстан үкіметі аналарды қолдауға байланысты кешенді шаралар әзірлеуге кіріскен. Путин әлеуметтік көмек, жәрдемақыларды көтеру мен баспанамен қамтуды көкейкесті мәселелер қатарына енгізді.

Қалиев Ресейде қазақстандық "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатты ұқсайтын "Земский врач", "Земский учитель" бағдарламаларына ерекше пәрмен берілгенін атап өтті. Ауылды жерлерге көшіп баратын дәрігерлер мен мұғалімдер үшін 1 млн рубль жәрдемақы, фельдшерлерге – 500 мың рубльден төленбек.

Ресей президентінің ауыл мектептерін жабдықтау туралы айтқан ойлары да Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлер мен ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымның сапасын арттыруға бағытталған Бірыңғай аймақтық стандарт қабылдау жөніндегі тапсырмасына тым ұқсас.

Сарапшының ойынша, Қазақстан мен Ресейдің саяси, мәдени және ақпараттық ұқсастығы жағдайында кейбір ұтымды шешімдер мен ауыр проблемалардың өзара эскпорты орын алатыны анық. Әсіресе халықтың толқуы мен билікке қатысты сынға келгенде.

"Ресей билігінің көпбалалы аналарды қолдауға байланысты көтерілген бастамалары қазақстандық тәжірибе мен қателіктерді саралай келе туындағанын жоққа шығаруға болмайды", – деп қорытады Қалиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты