Семейде ұры кондуктор ұсталды

altaynews.kz
26 жастағы кондуктор бұрын да істі болған екен.

Семейде ұры кондуктордың ісі ашылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюс-ке сілтеме беріп.

Қалалық полиция бөлімшесіне 28 жастағы тұрғын "Huawei" маркалы 50 мыңдық телефоны жоғалғаны туралы шағым түсіреді. Оның айтысынша, телефонды шубасының қалтасынан автобуста әлдекім ұрлаған болуы мүмкін.

Жедел іздестіру шарасының барысында 26 жастағы кондуктор ұсталды. Ол бұрын істі болған екен. Күдікті телефонды бейтаныс біреуге сатып, ақшасын жаратып қойғанын айтыпты.

Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 188-бап 1-тармағы бойынша іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары затты жоғалтқан жағдайда уақыт созбай шағым түсіру керектігін айтады. Қаншалықты тез шағым түсірсеңіз, ұрыны да соншалықты тез тауып алуға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда