Түркістан облысында әлеуметтік автодүкен өз жұмысын бастады

Түркістан облысы әкімінің Баспасөз қызметі
Мұндай дүкендер зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек болмақ.

Арыс қаласында әлеуметтік автодүкен өз жұмысын бастады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Түркістан облысында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, азық-түлік бағасының өспеуі қатаң бақылауға алынған. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев аудандарға бірқатар тапсырма беріп, әлеуметтік дүкендерді ашуды жүктеген болатын. Осыған орай, облыстағы қала, аудандарда әлеуметтік дүкендердің саны күн сайын артып келеді.

Соның бірі ретінде қазіргі таңда Арыс қаласында қала әкімдігінің белгілеген көшпелі сауда орнында отбасылық әлеуметтік автодүкен өз жұмысын бастады. Онда отбасылық киімдер қолжетімді бағамен сатылады. Негізгі мақсат – әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналарды арзан бағада балалар киімімен қамтамасыз ету. Дүкен қызметкерлерінің айтуынша, киім бағалары нарықтан төмен болғандықтан тұтынушы қатары алдағы уақытта артатын болады деп сенім артып отыр.

Арыс қаласынан ашылған әлеуметтік автодүкен ауыл тұрғындарының алғысына ие болуда. Сондай-ақ, дәл осындай дүкендер зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек болмақ.

Мұндай автодүкендер алдағы уақытта көбейетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді