"Енді теңге құнсызданып кетпесін" – экономист

kursiv.kz
Қазір теңге түріндегі ақша массасы шамамен 6,4 триллион теңгені құрайды.

Әлеуметтік желіде қазақстандық экономист, «VISOR Holding» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов Ұлттық қордан бөлінетін ақша мен соған байланысты валюта курсының ауытқуы ықтималдығына қатысты жазбасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлттық қордан 1,230 триллион теңге бөлінеді. Ұлттық қордың ақшасы долларлық құралдарға, алтынға инвестициялануы тиіс, бірақ теңгеге емес. Енді әлеуметтік төлемдер жасау үшін ол ақшаны қайтадан теңгеге конвертациялау қажеттігі туындайды.

Қазір теңге түріндегі ақша массасы шамамен 6,4 триллион теңгені құрайды. Ал көтерілген жаңа әлеуметтік бастамалар – ақша массасының 20%.

Меніңше, мемлекет долларды нарықтан сатып алмайды. Ұлттық банк сол сомаға "жаңа" теңгелерді басып шығарып, оны үкіметке "сатып" жіберуі де мүмкін.

Ендеше, валюта курсында күрт ауытқулар болады-ау дей беріңіз. Инфляцияның да өте қатты өсіп кететін түрі бар", деп жазады Кәрібжанов.

Бүгін Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының съезінде мемлекет басшысы "ұлттық қордан 2019-2021 жылдары қосымша 1 триллион 350 миллиард теңге бөлу қажет", деп мәлімдеген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды