АҚШ конгресі Ресейге қарсы жаңа санкциялар жобасын жариялады

Alexander Drago / Reuters
Заңсыз және коррупциялық әрекеттерге жол берген саяси тұлғалар, олигархтар және өзгелер де санкцияға ілігеді.

АҚШ конгресінің сайтында Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізуді көздейтін (Defending American Security from Kremlin Aggression Act, DASKA) жаңартылған заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Құжат Ресейдің қайтару мерзімі 14 күннен асатын жаңа тәуелсіз қарыздарымен мәмілелер жасауға тыйым салуды қарастырады.

Шектеулер заң күшіне енгеннен кейін 90 күннен соң қолданыла бастайды, делінеді.

Вашингтонның деректері бойынша "Ресей үкіметінің Ресей Федерациясы аумағынан тыс кез-келген елдегі демократиялық үрдістер немесе сайлауға араласуын" қолдаған барлық каржы институттары санкцияға түспек.

Жарты жылдан кейін ресейлік "Президент Владимир Путиннің атынан тікелей немесе жанама түрде заңсыз және коррупциялық әрекеттерге жол берген саяси тұлғалар, олигархтар және өзге де тұлғалар" да санкцияға ілігеді, делінеді құжатта.

Конгресс, сондай-ақ "Владимир Путиннің жеке байлығы мен активтері туралы" есепке қол жеткізуді жоспарлауда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды