Қазақстан Қытайға 1,2 млрд доллар қарыз

egemen.kz
Бұл мемлекеттік қарыздар емес, мемлекет кепілімен алынған ұлттық компаниялардың займдары.

ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәжілісте Қазақстанның Қытайға қанша қарыз екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Қытайдың алдында мемлекеттік қарызымыз жоқ, тек кепілді қарыз бар – оның көлемі шамамен $1,2 млрд. Алдыңғы жылдары Қытай Эксимбанкі мен Қытайдың мемлекеттік Даму банкінен автожол салу жобаларына мемлекет кепілдігімен несиелер алынған болатын, – деді ол.

Министрдің түсіндіруінше, кепілді кредиттің ерекшелігі сол, бұл үкіметтің қарызы емес, ұлттық компаниялардың қарызы болып табылады. Мысалы, ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы, немесе әкімдіктер мемлекеттің кепілдігімен несие ала алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн қалай тапсыруға болады