Тәжікстан президенті келесі сайлауға өзінің ұлын шығармақ – "тәжіктің Әблязовы"

Бұл туралы "тәжіктің Әблязовы" хабарлаған.

Тәжікстанның оппозициялық белсендісі Шарофиддин Гадоев өткен айда өзін билік өкілдері ұрлап кетіп, "келесі президенттік сайлауда Эмомали Рахмонның үлкен ұлын қолдайсың" деген талаппен қысым жасалғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz "Азаттыққа" сілтеме жасап.

Тәжікстандағы келесі президенттік сайлау 2020 жылға жоспарланған.

Шарофиддин Гадоев Тәжікстанда тыйым салынған "Группа-24" оппозициялық қозғалысының белді мүшесі. Босқын мәртебесін алып, Голландияда бой тасалап жүр.

– Олардың жоспарынша, мен "Группа-24" тобын бастап, Тәжікстанға оралуым керек, сосын президент Рахмонның ұлы Рустам Эмомалиді қолдауым керек екен, – деді ол баспасөзге. – Олар маған ескерткендей, "Рустам Эмомали 2020 жылғы сайлауға түседі... сен соны қолдайсың.

Гадоев журналистерге хабарлағандай, бұл тапсырма Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимовтан келіп түскен.

Эмомали Рахмон Тәжікстан билігінде 1992 жылдан бері тапжылмай отыр. Жай отырмай, "теріс ойлы адамдарды", саяси қарсыластарын басып-жаншып, қудалап келеді.

Тәжікстан халқының көпшілігі оның өз тағына 31 жастағы ұлын отырғызатынына сенімді. Оның ұлы 29 жасында Душанбенің әкімі болып тағайындалған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: