Баландин Словенияда төртінші алтын медалін алды

olympic.kz
Бұл жолы 100 метр брасспен жүзуде озды.

Словенияда жүзуден халықаралық турнирдің екінші жарыс күні өтті. Қазақстандық Дмитрий Баландин төртінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы Баландин 100 метр брасспен жүзуде озды. Әйелдер арасындағы бұл сайыста Аделаида Пчелинцева екінші болды. Ал 50 метрге шалқалай жүзуде Диана Назарова үздік болды.

Анастасия Резванцева 200 метрге шалқалай жүзуде алтын медальмен көзге түсті. Әділбек Мусин 50 метр баттерфляйда екінші болды.

4x100 метр эстафетасында (Дмитрий Баландин, Александр Варакин, Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай) ерлер алтын алды, әйелдер (Анастасия Резванцева, Аделаида Пчелинцева, Диана Назарова, Алина Костенко) – "күміс" тақты.

Баландин осымен төртінші алтын медалін алып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі