ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бүгін Astana Hub АT-стартаптар халықаралық технопаркін аралап, әзірленіп жатқан бірқатар жобаларды көрді және цифрландыруды дамыту мәселелері туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Хабты аралау барысында А. Мамин стартап-жобалардың, "Шеберхана" прототиптеу зертханасының, R&D зертханасының өкілдерімен, Бизнес періштелер клубының инвесторларымен және өкілдерімен кездесті.
Цифрлық технологияларды енгізу жөнінде жұмыс кеңесі өтті. Қазақстанда цифрлық технологияларды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, "Зерде" басқарма төрағасы Е. Дүрмағамбетов баяндады. Бүгінде Astana Hub Хаб қатысушылары үшін жеңілдікті салық режимін, сондай-ақ шетелдік қатысушылар үшін виза алудың жеңілдетілген үрдісін ұсынып отырған сүйемелдеушіге айналды. Технопаркте 150 стартап, яғни 500-ден аса кәсіпкер өз жобаларын дамытып отыр.
Премьер-Министр мәселені талқылау қорытындысы бойынша цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды енгізуді жандандыру, кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалармен стартап жобалардың қоса дамуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Экспо көрмесінің аумағын аралау барысында А. Мамин, сондай-ақ Көрме орталығының, АТ-университет ғимаратының құрылыс және реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Бұдан өзге, Премьер-Министрге Seed Space Astana қалалық инновациялық алаңы таныстырылды.
Премьер-министр сонымен қатар Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына барды, сонымен қатар Астана Халықаралық қаржы орталығын дамыту жөнінде кеңес өткізді.