20 наурыз күні ҚР Парламентінің Сенатында жасырын дауыс беру арқылы Дариға Назарбаева сенат спикері болып тағайындалды. Ол ең алдымен өзіне сенім білдірген сенаторларға алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті әріптестер, қымбатты қазақстандықтар, ең алдымен маған сенім білдіргендеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Осындай тарихи сәтте парлменттің мемлекет тағдыры алдындағы ролінің қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Сіздерді өзімінің бар білімім мен тәжірибемді біздің мемлкетіміздің өркендеуіне саламын деп сендіргім келеді. Мен парламенттің мемлекет өміріне деген пайдасын жақсы білемін. Біздің Елбасымыз қоғамды модернизациялауда ауқымды тапсырмалар қойды, - деді Дариға Назарбаева.
Ол мемлекеттің даму стратегиясы қойлған тапсырмаларды заңдылықпен қамтамасыз етуді талап ететіндігін, оның ішінде ең алдымен қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
- Қойылған мақсаттарға жету үшін өзімнің бар білгенімді және тәжірибемді салатын боламын,- деді сенат спикері.
2019 жылғы 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеуі кезінде Қазақстанның Президенті лауазымынан кететінін жариялады. Енді бұрынғы сенат спикері Қазақстанның Президенті лауазымына жайғасты. Сенаттың жаңа төрағасын тағайындауға арналған дауыс беру бүгін, 20 наурыз күні өтті.