Қазақстанның астанасында Қазақстан Республикасы Парламенті палатасының бірлескен отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Нығматулин 20 наурыз сағат 16:00 ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20 наурызда сағат 16-да Астана қаласында шақырылсын, - делінген Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі төрағасының өкімінде.
Отырыста Астананың атауын өзгерту туралы мәселені талқылау көзделіп отыр.