Әсет Мағауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

primeminister.kz
Ол бұл қызметте Болат Ақшолақовты алмастырды.

Қазақстан Үкіметінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Болат Ақшолақов берілген өтінішіне сәйкес лауазымынан босатылды.

Ә. Мағауов 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген. И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған, Халықаралық Валюта Қорында және Азия Даму Банкінде тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары "Теңізмұнайгаз" АҚ, "Қазақойл" ЖАҚ, "Мұнай және газ тасымалдау" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Теңізшевройл" ЖШС, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жұмыс істеген.

2008–2010 жылдары — ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;

2010–2011 жылдары — ҚР мұнай және газ вице-министрі.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Қуат Қаһарманұлы Бораш Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр