"Орыстың Prado-сы". Су жаңа УАЗ шыққалы жатыр

Автокөлік су жаңа платформада жасалады, құны шамамен 1,5 миллион рубль болмақ.

Бұл жаңалық 1 сәуірде пайда болса да, Ульянов автомобиль зауыты қарайтын Sollers компаниялар тобының бас директоры Вадим Швецовтың мәлімдемесін еш қалжыңсыз РИА Новости агенттігі жариялады.

Жаңа УАЗ басқа да бірқатар кузовтар үшін пайдаланылатын жаңа платформада жасалады.

"Осы шешімнің негізінде джип, пикап, монокэб және шағын фургондар құрастырылатын болады. Кузовтың төрт түрін жоспарлап отырмыз, өндіріс 2020 жылы басталады", – деді Швецов.

Оның айтуынша, жаңа модельдердің "Хантер" және бұрынғы ескі "УАЗ"-дармен ешбір байланысы болмайды.

"Хантер" болашақта тек фан-автокөлік версиясында ғана қалады, дизайн үшін ақша төлеуге дайын клиенттер үшін. Өйткені ол көліктерде дизайнынан басқа ерекше ештеңе жоқ", – деді Швецов.

Жаңа қозғалтқыштар немістің немістің FEV компаниясымен бірлесе құрастырылады.

"Бұлар төрт цилиндрлік, бензин және газ, биоотынмен жүретін қозғалтқыштар болады. Коммерциялық мәшинелер үшін атмосферлік бюджеттік нұсқасы да болады, ал белсенді жүріс үшін қымбат турбомоторлар да болады", – деген Швецовтың сөзін РИА Новости келтіреді.

Швецовтың айтуынша, жаңа платформадағы "орыс Прадосы" Toyota Land Cruiser Prado санатындағы көлік болса да, құны шамамен 1,5 миллион рубль деңгейінде қалады.

"Біздің басты мақсатымыз – орыс халқының қалтасы көтеретін "Орыс Прадосын" нарыққа шығару. Біздің көліктеріміз қытай джиптерімен бәсекелес болып, бағалары да шамамен сондай болмақ", – дейді Швецов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: