Бас прокуратура Қожамжаровқа қатысты тергеу жүріп жатыр деген ақпаратты қауесет деп атады

Sputnik Казахстан
Әлеуметтік желіде бақылау ведомствосының бұрынғы басшысының командасының бірқатар мүшелеріне қатысты тексеріс шаралары жүріп жатыр деген ақпарат тарады.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бақылау органының бұрынғы басшысы Қайрат Қожамжаров пен оның командасының кейбір мүшелеріне қатысты тергеу шараларының жүріп жатқанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Кеше әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бақылау ведомствосының бұрынғы басшысының командасының бірқатар мүшелеріне қатысты тексеріс шаралары жүріп жатыр деген ақпарат тарады. Ал Қожамжаровтың өзіне Қазақстан аумағынан шығуға рұқсат берілмегені айтылған.

- Бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ, БСТР ешқандай іс тіркелген жоқ, мұндай деректер тіркелмеді. Ресми түрде еш жерде болған емес. Бұның барлығы тек қауесет. БСТР жоқ болса, қалайша тексеріс жүргізілмек? Егер сот алды тергеу тіркелмеген болса, ешқандай тексеріс жұмыстары жүргізілмейді, - деді Ахметжанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді