Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурорды қабылдады

Ақорда
Ғизат Нұрдәулетов Тұңғыш Президентке қадағалаушы органның жұмысы, оның ішінде еңбек дауын шешудегі азаматтар құқығын қорғау жұмыстары жайында баяндады.

Кездесу барысында ҚР бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне елдегі заң мен құқықтық тәртіп туралы ақпарат берді, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық салада азаматтар құқығын қорғау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар жайында баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бас прокурор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің қылмыстық жауапкершілік саласындағы саясатына гуманизация жүргізу жұмыстарының нәтижелері мен Қазақстанның түрмедегі азаматтар саны бойынша әлемдік рейтингтегі орны жақсарғаны жайында айтты.

Сонымен қатар, Ғизат Нұрдәулетов Тұңғыш Президентке қадағалаушы органның жұмысы, оның ішінде еңбек дауын шешудегі азаматтар құқығын қорғау жұмыстары жайында баяндады. Бас прокурордың ақпаратынша, өткен жылы 2,4 млрд теңгенің жалақы қарыздары қайтарылды.

Ал Қазақстанның Тұңғыш Президенті шағын және орта бизнесте тексеруді азайтып, тиісті деңгейде бақылауды қамтамасыз етудің маңыздылығына баса назар аударды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді