"Дипломмен ауылға" бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізіледі

видеодан скриншот
Елімізде 2 мыңнан астам ауылдық округ бар. Онда тұратын халық саны 8 миллионнан асады.

Елді мекендерге баратын мамандардың міндетті жұмыс істеу мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқарады. Бағдарламаға дәрігер, мұғалімдерден бөлек ауыл шаруашылығы саласына қажет мамандар да қатыса алады, деп хабарлайды Zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар оларға берілетін үстеме ақы баратын өңірлерінің ерекшеліктеріне қарай төленбек. Биылғы жылы бұл мақсатқа 14,8 миллиард теңге бөлу көзделген.

Nur Otan партиясының орталық аппаратында "Жастарды қолдау" бағытының жаңартылған құрамы алғашқы отырысында осы бағдарламаны талқыға салды.

"Бұл өзінің тиімділігін көрсеткен жоба. Бірақ кейбір тұстары жетілдіруді қажет етеді", - дейді келгендер.

Елімізде 2 мыңнан астам ауылдық округ бар. Онда тұратын халық саны 8 миллионнан асады. Кадр тапшылығы Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өзекті.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біраз мәселелер бар, оның ішіндегі мынау нормативтік-құқықтық актілердегі өту талабы, соның шарттары бар. Мысалы алатын болсақ, ақшаның жетіспеушілігі. Бір азаматқа 3-4 миллион теңге берілсе, төлемақы ретінде "Дипломмен ауылға". Бірақ ол ауылдық жерде мысалы үй-жайы бар. Жұмысқа орналасу мәселесі бар. Сондықтан да егер отбасын құрған жағдайда қандай қиыншылықтар бар. Сондай күрделі мәселелерді осы жерде талқылаймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі