Әлемнің үздік қақпашысы "Қайрат" МФК-мен келісімшартын ұзартты

zakon.kz
Бұл контракт бойынша өтемақы 1 миллион доллар.

Бразилия тумасы, қазақстандық атақты қақпашы, алматылық "Қайрат" футзал клубының ойыншысы Игита келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Игита "Қайратпен" 2024 жылға дейін шарт жасасты.

– Игита Қазақстанда 10 жылдам астам уақыт бойы ойнап келеді, оны бәрі таниды. Оған түрлі клубтар таласуда, біздің жақсы ойыншыларымыз кетіп жатыр. Біздің қарсыластарымыз ештеңеге қарамайды, біздің ойыншыларымыз ең мықты ойыншылар, жаңа келісімшарттар жасасуға үлгермей жатырмыз. Игита – бразилиялық емес, қазақ болып кеткен, ол еліміздің патриоты, біздің футболымыздың, әлемдік футзалдың аңызы, үш мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған, оның ішінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша, біз одан айырыла алмаймыз, – деді "Қайрат" МФК президенті Қайрат Оразбеков.

Келісімшарт 1+4 жыл схемасы бойынша жасалды. Бұл келісімшарт бойынша 1 миллион доллар өтемақы көзделген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

ІІМ: Заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі