Алматыда көпірге плакат ілген суретші айыппұл арқалады

Қамауға алу туралы жаза айппұл төлеуге ауыстырылды.

Алматылық суретші Роман Захаровқа 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеше әлеуметтік желілерде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ҚР Конституциясының заңы жазылған плакатты ілгені үшін Роман Захаровтың ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын.

сурет әлеуметтік желіден алынды

Алматы полициясы аталған дерекке қатысты мынадай ақпар берді:

- 29 сәуір күні таңғы сағат 6-да Жедел басқару орталығына азаматтар қоңырау шалып, белгісіз ер адамның Әл-Фараби мен Достық даңғылдарының қиылысында қағаз, қоқыс және басқа да заттарды лақтырып, қоғамдық тәртіпті бұзғандығын хабарлады.

Аталған орынға ЖПП экипажы келеді.

- Ер адам қиқарланып, өзінің заңбұзушылық әрекетін тоқтатудан бас тартқан.

Ол аудандық БП жеткізілді.

Нәтижесінде Әкімшілік соттың қаулысымен Захаров әкімшілік кодекстің 434 бабының 1 - ұсақ бұзақылық бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, оны бес тәулікке қамауға алу туралы үкім шықты.

Арадан бірнеше сағат өткен соң - кешқұрым, Алматының қалалық сотында аталған іс бойынша апелляциялық тыңдалым өтті. Прокурордың өтініші бойынша Захаровтың жазасы жеңілдетілді. Қамауға алу жазасының орнына оған 5 АЕК көлемінде, яғни 12 626 теңге айппұл салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: