26 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында төртінші BI Marathon өтеді. Бұл – Қазақстандағы ең ауқымды марафондардың бірі әрі Қазақстандағы сертификатталған төрт марафонның қатарына кіреді.
Өйткені осы жылдың сәуір айында марафон трассасы "Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) және Халықаралық марафон ассоциациясының (AIMS) сертификаттауынан өткен болатын, демек осы сертификаттың арқасында біздің марафоншылар әлемнің ірі қалаларында өтетін марафондарға қатысуға үміткер бола алады, олар: Бостон, Берлин, Чикаго, Нью-Йорк, Париж және Токио марафондары.
2019 ж. 10 мамырда қатысушыларды тіркеу аяқталды (тіркеу 2018ж. 16 желтоқсанында басталған еді), оның нәтижесі бойынша марафонға 9 400-ге жуық адам тіркелген. Әлемнің 26 елінен қатысушылар келеді, тізімді Қазақстан, Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістанның марафоншылары бастап тұр.
Ұйымдастырушылар марафон трассасын қалалықтарға, көше қозғалысына кедергі келтірмесі үшін барынша ыңғайлы етіп жасады.
Шетелден келген марафоншы-қонақтарымыз, жүгіру кезінде елордамыздың ең көрікті жерлерін көретін болады. Өйткені қатысушылар "Ақ Орда", "Байтерек", "Хан шатыр", "Орталық саябақ" және Есіл жағалауы бойымен жүгіріп өтеді, ал мәре сызығы Триатлон саябағында болмақ.
Қатысушылар жас шамаларына қарай төрт түрлі қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс. Нақтырақ айтқанда, 5, 10, 21 немесе 42 шақырымды бағындырулары керек. Марафонның ең алғашқы жүгірісі сағат 7.00-де басталады.
Сөре пакеті - "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығында 24 және 25 мамыр күндері сағат 10.00-20.00 аралығында беріледі.
BI Marathon географиялық және климаттық жағдайлары бойынша жүгірушілер үшін қолайлы, сондықтан ең жылдам трассалардың бірі болып саналады. "Трасса өте қызықты, жылдам, жақын арада Қазақстанда ең үздік нәтижелерді көреміз деп ойлаймын", – деп атап өтті марафонның техникалық директоры Сергей Бодров.
Марафонға бір күн қалғанда, 25 мамыр күні Триатлон саябағында 5-13 жас аралығындағы балалар үшін 2 км қашықтықтағы жүгіріс өтеді. Ал 14-тен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер 5 км қашықтықта жарыса алады.
Алексей Сидоренко, марафонның спорт директоры:
- Марафонға қатысушылар саны жыл сайын өсіп келеді. Оған қоса Қазақстан қалаларында спорт әуесқойлары үшін спорттық шаралар да жиі ұйымдастыруда. Егер бұрын Қазақстан аумағында 42 км қашықтықты 3 сағатта жүгіріп өту марафоншылар үшін биік белес болса, қазір бұл нәтижені кез келген қатысушы еліміздің түрлі қалаларында өтетін марафондарда көрсете алады. Жалпы қатысушылардың кәсіпқойлығы, бұқаралық спортқа деген қызығушылығы артып келеді, бұл қуантады!
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, сіздерді осы ауқымды спорттық мерекеге қатысуға шақырамыз! BI Marathon – жеңіске бірге жетейік!