Тоқаев Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады

Ақорда
Ұлықбек Есдәулет биыл елімізде өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық мәселесі жайлы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет биыл елімізде өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық мәселесі жайлы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы Жазушылар одағының жұмыстарына жоғары баға беріп, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?