"Астана" екінші рет "Джиро"-ның кезеңін ұтты

Дарио Катальдо бірінші болып келді.

"Астананың" италиялық легионері Дарио Катальдо көпкүндік "Джиро д'Италия" жарысының 15-ші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Катальдо 232 шақырымды бес сағат, 48 минут және 15 секундта еңсерді. Онымен бірге мәреге Androni Giocattoli өкілі Маттиа Каттанео жетсе, 11 секундтан кейін Mitchelton-Scott шабандозы, британиялық Саймон Йейтс келді.

"Астана" капитаны Мигель Анхель Лопес жетінші болды, ол Катальдодан 36 секундқа қалып қойды.

34 жастағы Катальдо "Астанада" 2015 жылдан бері жүр. Ол бұған дейін 2012 жылы "Джироның" бір кезеңін, 2013 жылы "Вуэльтаның" бір кезеңін алған.

Бас кестеде Movistar-дың эквадорлық өкілі Ричард Карапас көп бастап келеді – 64 сағат және 24 минут. "Астана" капитаны Мигель Анхель Лопес бас кестеде оныншы орында келеді (+5:55).

Бұдан бұрын "Джиро-ның" жетінші кезеңінде "Астаналық" Пельо Бильбао жеңіс тойлаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: