Заңдар қатаң сақталсын – Тоқаев

Ақорда
Заңдылықтың бұзылуына мүлдем жол бермеу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібінің ахуалы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас Прокурор Қазақстан Президентіне қылмыс деңгейінің төмендегенін және қылмыстық үдерістегі азаматтардың конституциялық құқығын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстың жекелеген түрлеріне қарсы күрес туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа электронды қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді енгізу, сондай-ақ, тексерулерді тағайындау үдерісін автоматтандыру барысы туралы мәлімделді.

Мемлекет басшысы қоғамның барлық саласында құқық үстемдігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтіп, азаматтардың құқығы прокурорлардың ерекше назарында болуы тиіс екенін айтты.

– Прокуратура органдары әлеуметтік және басқа да мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаржысын жұмсау барысында заңның қатаң сақталуына қол жеткізуі қажет. Заңдылықтың бұзылуына мүлдем жол бермеу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңында Қазақстан Президенті қадағалаушы органның алдына басқа да бірқатар міндеттер қойды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді