Шығыста жер сатылып кетті ме – Күршім әкімі не дейді

oskemen.info
ШҚО-да жер сатылып жатыр деген әңгіме өтірік боп шықты.

Шығыс Қазақстан облысында 40 мың гектар жер шетелдіктерге сатылып кетті деп ғаламторда жүрген әңгімені жергілікті атқамінерлер теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Онда жергілікті халықты көшіру үшін әрқайсысына 5 млн теңгеден беріліп жатқаны да сөз болады. Өңірдегі атқамінерлер мұның жалған ақпарат екенін мәлімдеді. Елімізде жерді сатуға мораторий жарияланған. Сондықтан қандай да бір шетел азаматына тоқымдай да жер берілмепті. Шенеуніктер жұртты түрлі месенджерлерде тараған жалған ақпаратқа дүрлікпей, сабырлық сақтауға шақырады. Жердің шетелдіктерге сатылмайтынын жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қадап айтқан болатын.

Дулат Қажанов, Күршім ауданының әкімі:

- Жер тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік үлесі жоқ қазақстандық заңды тұлғаларға беріледі. Күршім ауданының ауыл шаруашылығы жерлерінде өзіміздің азаматтар қалыпты жағдайда егін егіп, малдарын бағып еңбектеніп жатыр. Жалған ақпарат тартпауларыңызды сұраймын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды