Молдавия парламенті елді "жемқорлық жайлаған мемлекет" деп таныды

tvnet.lv
Президент елді Ресейге қарай "сүйрейді", парламент Еуропаға қарай "ұмтылуда".

Молдавия парламенті елді жемқорлық жайлап алған мемлекет деп мойындау туралы декларация қабылдады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Ол құжатта "мемлекеттік және құқықтық мекемелерді жаппай жемқорлық жайлап алды, жаппай талан-таражға салу мен мемлекеттік мүлікті заңсыз жекешелендіру қалыпты құбылысқа айналды" делінеді.

Молдавия парламенті республиканың жоғары заң шығарушы органы болып табылады. Парламент депутаттары елдегі аралас сайлау жүйесін жоюды ұсынуда.

Бұған дейін Молдавия президенті Игорь Додон республикадағы жағдай "жаппай тұрақсыздық шегіне жетіп, әрең тұрғанын" мәлімдеген.

Молдавия президенті мен ел үкіметінің арасындағы басты келіспеушілік сыртқы саясатқа қатысты болып отыр. Президент Додон Ресеймен ынтымақтастықты тереңдетуге тырысса, парламенттегі көпшілікті еуропалық бағытты қолдайтын партиялар құрап отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады