ІІМ басшысының орынбасары журналистке тап берген полицейлер үшін кешірім сұрады

Atameken Business Channel
Бірақ министрдің орынбасары бір жағынан бұған журналистің өзі де кінәлі деп атап өтті.

Журналист Шоқан Алхабаев баспасөз өкілі екенін білдіретін белгілерінсіз жүріп, тәртіпсіздікті күшпен тоқтату кезінде оқиға ошағына тым қатты жақындап кеткен. Бұл жағдай үшін кешірім сұраймын, деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Ол материалдармен таныстым. Оқиға Сайран автовокзалының жанында болған. Журналист түнде баспасөз өкілі екенін білдіретін белгілерінсіз жүріп, тәртіпсіздікті күшпен тоқтату кезінде оқиға ошағына тым қатты жақындап кеткен. Бейджигі жоқ, арнайы жилеті жоқ, сондықтан шынымен де полицейлер оны ұстап әкеткен. Кім екені кейін анықталып, босатылды. Мен ішкі істер министрлігі атынан осы оқиға үшін кешірім сұраймын, бірақ бұл жерде баспасөздің де кінәсі бар. Біз журналистің журналист екенін арнайы белгілеріне қарап бірден байқауымыз керек, – деді Қожаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді