Тоқаев: Бізге әлеуметтік саясатты түбегейлі түрде жаңарту қажет

Zakon.kz
Бар қажыр-қайратымды аямай халыққа қызмет етуге ант етемін!

Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. Ол өз сөзінде әділ әлеуметтік саясатқа баса назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Біз адам капиталын дамыту саясатын одан әрі жалғастыратын боламыз. Бұл бағытта біз ең алдымен не істеуіміз қажет? Біз мұғалім мен дәрігердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқықтарын қорай отырып, мамандардың материалдық жағдайын қорғайтын қажетті мүмкіндіктер жасаймыз. Нақты тапсырмалар жергілікті деңгейде шешілуі тиіс. Сонымен қатар біз аймақтардағы өзін-өзі басқару жүйесін нығайтатын боламыз, - деді Президент.

Оның айтуынша, мемлекет тұрақты дамудың жаңа деңгейіне өту үшін жаңа бағыттар мен жаңа шешімдер қажет.

- Олар таяу арада жарияланатын болады. Мен көмекке көбірек зәру болып отырғандарға көмек беру үшін өткір әлеуметтік мәселелірді шешумен айналысамын. Осы салада жетістіктерге жету мақсатында үкіметке қажетті шараларды дайындау тапсырылды, - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты түбегейлі түрде жаңарту керектігін айтты.

- Инвестициялар тарту және қорғау, іскери белсенділікке жағдай жасау, орта сыныпты қалыптастыру үшін қазақстандық кәсіпкерлерге демеу көрсетемін, Менің мақсатым - қоғамның бірлігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның құқығын қорғау. Және сондай-ақ, ең бастысы - әрқашан және барлық жерде Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғайтын боламын. Біз Қазақстанның ұлттық мүдделерін әлемдік аренада алға жылжытамыз. Халықаралық қызмет өз нәтижесін көрсетіп, Қазақстан азаматтарына пайдасын әкеледі. Бар қажыр-қайратымды аямай халыққа қызмет етуге ант етемін! - деп сөзін түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді