Қазір барлық қазақтілді басылымның тиражы құлады – Нұртөре Жүсіп

facebook.com/Нұртөре Жүсіп
Газеттен ақиқат сөз таппаған халық ақыр соңында көшеге шықты.

"Жардың жағасында тұрғандаймыз: Ертеңіміз не болады? Қайда барамыз? Қалай боламыз? Бәрі күмәнді де тұманды", деп ойланып қалды елге белгілі журналист Нұртөре Жүсіп.

– Қазір барлық қазақтілді басылымның тиражы құлады. Құлауға не себеп? Майлыбаевтың тұсынан "Ештеңе жазбаңдар, ананы айтпаңдар, мынаны көтермеңдер" деген тұншықтыру саясаты қазақ газеттерінің сөзін өтімсіз қылды. Не газеттен, не теледидардан ақиқат сөз таппаған халық ақыр соңында көшеге шықты...

"Басын құмға тығып, мені ешкім көрмейді" деген страустық қағидат осындай салдарға жетеледі. Осыдан не шықты?

1. Халықтың ерме бөлігі естияр сөз тыңдаудан қалды.
2. Елге сөзі өтеді-ау деген адам қалмады.
3. Жұрт жаппай әлеуметтік желіге кірді. Кірді де желікті.
4. Желіккен жұрт ең алдымен масылдық пиғылды күшейтті.
5. Қазақ сөзінен қадір кетті.

Айта берсе, санамалай берсек, осындайдың жүзі табылады. "Қайда барсаң – Қорқыттың көрі" дегендей халге жеттік. Ары қарай қалай болады? Өз басым білмеймін...

Баспасөз – басқа сөзге айналды...

СЕНІМ деген қасиетті нәрсе бар еді. Сол сенім сағымға сіңіп кеткендей!..

Жаппай сенімсіздік жеткендей!..

Қиналған қазақ Абайды оқып, бойына күш-қуат алатын еді. Мен де сөйтейін. Абайды қайта оқиын, – деген шешіммен аяқталады Нұртөре Жүсіптің жазғаны.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі