40 млн долларды алып қашқан араб шейхының әйелі Лондонда жүруі мүмкін

woman.ru
Ол алдында 11 жасар қызы мен 7 жасар ұлын алып, Германияға қашып барған. Сол арадан өзіне пана сұраған. Сөйтіп сырттай ажырасуға өтініш түсірген.

Times ағылшын басылымы БАӘ премьер-министрі, Дубай билігінің шейхы Мұхаммед бен Рашид әл Мактумның әйелі Лондонда болуы мүмкін деп жазды деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Хайя бинт әл-Хусейн ханшайым Кенсингтонск сарайы маңында орналасқан 85 миллионов фунт тұратын қымбат үйде тұрып жатқан болуы мүмкін. Бұл үйді ханшайым күйеуіне айтпай 2017 жылы сатып алған екен.

Айта кетелік, алдында ағылшындық БАҚ-тарда БАӘ премьер-министрі, Дубай билігінің шейхы Мұхаммед бен Рашид әл Мактумның әйелі көп ақшаны қалтасына басып, елден қашып кетті деп хабар таратқан.

Sun агентігінің хабарлауынша, ханшайым биыл ақпан айынан бастап көпшіліктің көзіне көрінбеген. Кейін ол 11 жасар қызы мен 7 жасар ұлын алып, Германияға қашып барып, сол арадан өзіне пана сұраған. Сөйтіп сырттай ажырасуға өтініш түсірген. Ханшайым өзімен бірге, кейбір болжамдар бойынша, 39 млн доллар алып кетті делінеді. Бұдан соң БАӘ мен Германия арасы шиеленісіп, бұл дипломатиялық тоқырауға алып келген. Өйткені шейх неміс билігінен әйелін кері қайтаруды сұрағанмен, өтніш қылған тарап одан бас тартқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды