Базар әжетханасынан жаңа туған нәресте табылды

видеодан алынды
Бала аман қалған, қазір ол Сұрқандария облыстық перинаталдық орталығына жеткізілген.

7 шілдеде әлеуметтік желілер арқылы әжетханадан табылған нәресте туралы видео жаппай тараған. Құзырлы органдар бұл оқиғаның Өзбекстандағы Сұрқандария облысы Денау ауданының "Лолазор" базарында орын алғанын анықтады, - деп хабарлайды centralasian.org.

Видеода дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен тағы бірнеше адам нәрестені құтқаруға талпынған сәті бейнеленген. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бала аман қалған, қазір ол Сұрқандария облыстық перинаталдық орталығында жатыр.

"Қыз бала, салмағы - 3500 грамм, бойы - 50 сантиметр. Дәрігерлер нәрестенің өмірі үшін күресіп жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.

Нәрестенің анасы базар аумағындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Құқық қорғау органдары ол әйелді іздеп тапқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды