Арыс маңындағы ауыл тұрғындары да 100 мың теңгеден өтемақы алады

24 kz
Жергілікті тұрғындардан құжат жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер жинап жатыр.

Билік өкілдері Арыс маңындағы қай елді мекендердің тұрғындары 100 мың теңге өтемақы ала алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 100 мың теңге өтемақы беру бойынша түрлі сауалдар туындауда. Көрші елді-мекен тұрғындарынан сұрақтар келіп түсуде. Алайда, өтемақы ҚР Үкіметі бекіткен тізім бойынша беріледі.

Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақдала ауыл округінде – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі бойынша – 4 232 адам, Дермене ауыл округінде – 2 052 адам өтемақы алады.

Жалпы, бірінші кезекте 55 602 тұрғынға 100 мың теңгеден 5,6 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Өтемақы төлеуге ҚР Үкіметінің резерві есебінен 3 млрд теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд теңге және арнайы құрылған "Түркістан" әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.

Жергілікті тұрғындардан құжат жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер жинап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды