Билеті жоқ жолаушылар перронға жіберілмейтін болады

Википедия
Тым болмағанда ірі вокзалдардың перрондарына осындай шектеу қойып бастау қажет.

Теміржолдағы заңсыз жолаушы тасымалын тоқтату үшін Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қаласында тың жоба іске қосылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жоба бойынша, қолында билеті жоқ жолаушылар перронға жіберілмейтін болады. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуына қарағанда, осы арқылы билет алмаған жолаушылардың жолсеріктермен келісуіне тосқауыл қойылмақ.

"Биыл бұл жоба бойынша елордадағы "Нұрлы жол" вокзалы мен Қарағанды вокзалының перрондарына билетсіз адамдардың жақындауына шектеу қойылады. Мұндай бастаманы бұрын да көтергенбіз. Алайда қоғам тарапынан көптеген наразылықтар болған. Бұл бастаманы құқық қорғау органдары да қолдап отыр. Біз де дұрыс деп санаймыз. Тым болмағанда ірі вокзалдардың перрондарына осындай шектеу қойып бастау қажет", – деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер