Алматыда полицейге жем болғысы келмеген жүргізуші дөрекі түрде қашып кетті

vladtime.ru
Құлап қалған инспектор жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Алматының Мақатаев пен Пушкин көшелерінің қиылысында полиция қызметкері парковка ережесін бұзған жүргізушіге хаттама толтырмақ болған. Мұндай жағдайға төзіп, заңға бағынғысы келмеген жүргізуші қашып кетуден басқа амал таппаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция қызметкері жол жиегіне көлік қою ережесін бұзған жүргізушілерді анықтау мақсатында көшелерді шолып келе жатып, қара түсті кроссовердің қасына келеді. Жүргізушіге келіп, құжаттарын көрсетуді сұраған. Жүргізуші құжат көрсетудің орнына көлігімен жүріп кеткен.

Патруль қызметкері қашқын-көліктің есігіне жармасып алды. Бірақ 200 метрдей жерге дейін сүйрелген соң ары қарай жармасуға күйі келмей, құлап қалды.

Құлап қалған инспектор жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Енді автокөлік мен оның жүргізушісіне іздеу салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті