Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың баласы Қадыр Атамбаев "Новые лица" басылымына сұқбат беріп, әкесінің ұсталуына және оған тағылған айыптарға қатысты өз көзқарасын білдірді, деп жазады Настоящее время.
7-8 тамызда Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылында Атамбаевты құрықтау үшін бір тәулік бойына арнайы қызмет операция жүргізді. Атамбаевтың адамдары мен арнайы жасақ арасында қақтығыс болып, салдарынан бір сарбаз көз жұмды. Атамбаев ертеңінде өзі берілді. Бүгінгі таңда Атамбаевқа билікке қарсылық көрсетті, бір сарбазды мерт қылды деген айыптар тағылды.
"7-8 тамызда мен шешеммен Ыстық көлде демалып жаттым. Болған оқиғаны жаңалықтан естіп-білдім. Әкеміз бізді ешқашан саясатқа араластырған да емес, атымыздың БАҚ беттерінде көрінуіне де тыйым салынған. Сол үшін бізден сөз де алған кезінде. Бірақ сол уәдені бұзуға тура келіп тұр қазір. Өйткені мына бассыздыққа, әкең анандай жағдайға ұшырап жатқанда қалай үндемей отыра аласыз. Жүрегің ауырады.
Көріп тұрсыздар, үйдің быт-шыты шыққан. Әрине, біз оны жөндеп алуға тырысамыз. Өйткені шешем екеуміздің басымызда басқа баспанамыз жоқ.
Әкем арнайы қызмет сарбазын атып өлтірді дегенге сенбеймін. Керісінше, ол өз жақтастарының бірінің күнәсін өз мойнына алуы мүмкін. Бұл менің әкеме көбірек ұқсайды. Әрине, қаза тапқан арнайы қызмет жасағының отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл білдіргім келеді. Бірақ бұл арада Атамбаев ғана емес, ең бірінші кезекте биліктің де кінәсі барын баса айтқым келеді.
Мен осы арада өмір сүруім тиіс. Осы арада қалуым қажет. Өйткені бұл ата-бабамнан мұра болып қалған жер.
Қазір барлығы бумеранг эфектісі туралы айтып жатыр. Атамбаевтың өзіне сол керек деп. Мен айтар едім, кезінде әкемнің жанында мынаны отырғызу керек, мынаны кетіру керек деп ақыл айтып жүрген кеңесші сайыпқырандар қазір де билікте отыр.
Менің елден қашайын деген ойым жоқ. Мен Айдарчик емеспін (Ақаев), Макисм емеспін (Бакиев) елді тонаған. Мен әкемнің атына кір келтірмейтін ұл болдым. Әкем президент болғалы оның отбасы мүшелері туралы ешкім естіген жоқ қой. Өйткені біз саясатқа, басқасына да араласқан емеспіз. Оған қатаң түрде тыйым салынған"