"Қазақ поэзиясының інжу-маржандары" антологиясы жарық көрді

facebook.com / Берік Уәли
Поэзия антологиясы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің тікелей қолдауымен жарыққа шығып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық кітапханада "Қазақ поэзиясының інжу-маржандары" антологиясының таныстырылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Поэзия антологиясы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің тікелей қолдауымен жарыққа шығып отыр.

Аталған топтамаға 13 ақынның шығармалары енген. Олар: Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов және Мұхтар Шаханов.

Мемлекет басшысының бастамасымен көрнекті ақындарымыздың шығармаларынан құрастырылған мұндай топтамаларды жарыққа шығару ісі алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли аталмыш жиында тоқталып өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады