Орсариев пен Биғари деген БҒМ басшыларының жемқорлығы елге жайылды

Patrul.kz
Серверлерді көшіру жұмысына 48 миллион теңге бөлінген. Іс атқарылған жоқ, ал ақша 100 пайыз аударылып кеткен.

"ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы жемқорлық жүйені басқарып отыр. Ведомствоның ішіндегі былыққа тойтарыс бергенім үшін мені қудалау басталды". Дәл осындай мәлімдемемен министрлікке қарасты Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры журналистер алдына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ведомство ішіндегі жемқорлық қылмыстардың жолын тыйғаны үшін жауапты хатшы Арын Орсариев қысым көрсетіп жүрген көрінеді.

Анар Қайырбекованың келтірген дерегі бойынша, серверлерді көшіру жұмысына 48 миллион теңге бөлінген. Іс атқарылған жоқ, ал ақша 100 пайыз аударылып кеткен.

Анар Қайырбекова, ҚР БҒМ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры:

– Қылмыстың белгілері барын біліп, мен келісімшартты визалауды тоқтатып, вице-министр Биғари мырзаға қарсылық көрсеттім. Келісімді тоқтату керектігі туралы Орсариевке айттым. Алайда жауапты хатшы маған қысым көрсете отыра, шартқа қол қойып, қаржыны аударып жіберді. Оған дейін Биғари мен Орсариев мені сомасы 100 миллион теңгелік заңсыз келісімшартқа қол қоюға мәжбүрледі. Үзілді-кесілді қарсы болдым. Сол кезде Орсариев "сізбен жұмыс істеу қиын болып кетті" деп мәлімдеді.

Арын Орсариев Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне екі жыл бұрын тағайындалған еді. Ресми сайттағы ақпарға сүйенсек, төрт баланың әкесі "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде оқыған екен. Вице-министр Рүстем Биғари де "Болашақ" бағдарламасының стипендианты. Сайттағы мәлімет бойынша министрдің орынбасары лауазымында.

Ал ашық мәлімдеме жасауға шыққан Анар Қайырбекованың дерегінше, Орсариев пен Биғаридің Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қозғаған іске қатысы бар. Көрсетіліп жатқан қысымға министрдің тағы бір орынбасары – Фатима Жақұпованың да қатысы бар дейді.

Лауазымды тұлғаларына қатысты шағым министр Асхат Аймағамбетовке де жеткен. Ол тексеру жүргіземіз дейді.

– Кеше ғана ол кісі осындай шағымын бізге жеткізді. Қазір тиісті тексеру жүргізіледі. Айтып отырмын ғой, тиісті құзыретті органдар бар. Осы органдарға жүгінеміз, олар ашық, әділ, осындай тексеріс жүргізу үшін осы органдар осы жұмысты жүргізеді деп мен ойлаймын. Одан кейін қорытындысы болғанда, бұл қорытындысын сіздерге міндетті түрде жеткіземіз, – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды