Алматыда ЖОО-ның бұрынғы қызметкері алаяқтық жасады

zakon.kz
Ол докторантураға түсуге көмектесемін деп алдап, жұрттан ақша алған.

Алматыда жұмыссыз әйел докторантураға түсіремін және IELTS сертификатын алып беремін деген уәдемен өзіне сенген азаматтарды алдап келген, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті – 46 жастағы әйел адам. Адамдардың сеніміне кіріп, ірі сомада ақша алып алған.

- Ол өзінің көмегін қымбатқа бағалаған. Мәселен, жәбірленушілердің біріне шетелде оқуға және шетелге көшуге қажетті сертификатты алып беремін деп 440 мың теңгесін алып алған. Енді бір кісіден қаладағы бір университеттің докторантурасына түсіремін деп 1,5 миллион теңге алған екен. Айта кетерлігі, күдікті аз уақыт бұрын ЖОО-лардың бірінде жұмыс істеген, соның арқасында жәбірленушілердің сеніміне кіре алған. Алайда ол өз уәделерін орындамай, алған ақшаны өз пайдасына жаратып тастаған.
Б. есімді азаматшаға қатысты тобына қатысты ҚР ҚК 190 бабы, 3-б бойынша (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір оған төрт қылмыстық эпизод бойынша айып тағылып отыр. Осыған байланысты, аталған адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар болып жатса, мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 298-53-71; 8-701-252-50-50; 8-701-718-70-69 немесе 102, - деп хабарлады Әуезов аудандық Полиция басқармасының бөлім бастығы, полковник Жасұлан Тұрыспаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды