Алматыда әпкелі-сіңлілі екі әйел 25 жыл бойы құжатсыз жүрген

баспасөз қызметі
Олар не куәлік, не жәрдемақы ала алмай келген.

Алматыда туған апалы-сіңлілер 25 жылдан астам уақыт азаматтығын растайтын құжатсыз өмір сүріп келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Бір ай бұрын Бостандық аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне әпкелі-сіңлілі екі әйел келіп, жеке басын және Қазақстан азаматтығын құжат беруді сұрады. Олардың айтуынша, ата-анасы Кореяға кеткеннен кейін қалада көп жылдар бойы әжесінің қолында тұрды. Қолдарында туу туралы куәліктерінен басқа еш құжат жоқ. 16 жасқа толғанда отбасылық мәселелер мен тұрақты тіркеуінің жоқтығынан апалы-сіңлілер жеке басын куәландыратын құжатты жасатпаған, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Құжат жоқтығының азабын олар некеге тұрғаннан кейін және өз балалары дүниеге келгеннен кейін тартқан. Туу туралы куәліктерді, жәрдемақы ала алмай, басқа да құқықтық мәселелерін шеше алмай қалған.

- Әпкелі-сіңлілердің құжаттарын қарастырғаннан кейін көші-қон қызметі "ҚР азаматтығы туралы" ҚР 1991 жылғы 20 желтоқсандағы 1017-XII Заңының 3-бабына сәйкес, әйелдердің ҚР азаматтығын мойындауы туралы шешім қабылдады. Күні кеше оларға жеке басын куәландыратын құжаттар берілді, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметінің бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр