Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері қамаудан босатылды

Питер.тв
Қаулы қайта қарауға жатпайды.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі 25 сот алқасы мамандырылған ауданаралық тергеу сотының Қанат Тезекбаевты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасының күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотының Қанат Тезекбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы түрінде шығарған санкцияны қанағаттандырмау туралы жаңа қаулы жарияланды. Оның орнына Тезекбаевқа қатысты өзін тәртіпті ұстап, жүріс-тұрысынан алдын ала хабар беріп отыру тұрғысындағы талап бойынша қолхатпен босату түрінде жаңа алдын-алу шарасы бекітілді.

Қаулы қайта қарауға жатпайды.

Ал №4 қалалық клиникалық аурухананың анестезиолог дәрігері әлі қамауда. Оған "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби салғырттығы салдарынан адам өліміне әкеп соғу" бабы бойынша айып тағылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тезекбаевтың әйелі жазған хатта белгілі болғандай, дәрігерлерді қамау Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтың ұлының қазасынан соң басталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі