Қайдағы референдум? Оғыз Доған Геннадий Шиповскихке шүйлікті

Facebook/Оғыз Доған
Қазақстан көпұлтты мемлекет емес, қазақтың өзге ұлттармен бірге тұратын өз жері - Оғыз Доған.

Депутаттың "қазақ тілін мемлекеттің жалғыз тілі етіп белгілеу үшін референдум өткізу керек", деген пікірі қазақ тілінің белгілі жанашыры Оғыз Доғанға ұнамай қалды.

- Депутат Геннадий Шиповских мырзаны қатты құрметтеймін! Бірақ, ұлттық арнада қайта-қайта қайталап айтқан "Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Сол үшін қазақ тілін мемлекеттің жалғыз тілі етіп белгілеу үшін референдум өткізіп, өзге ұлттардың пікірін сұрау керек" деген сөзімен мүлдем келіспеймін!

Біріншіден, Қазақстан - көп ұлтты мемлекет емес, қазақ ұлтының, қазақпен бірге сан түрлі ұлттар да тұратын өзінің жері!

Екіншіден, мысалға Франция, елде басқа ұлттар да бар деп "Мемлекеттің тілі француз тілі болсын ба, болмасын ба?" деп референдум өткізіп, өзге ұлттардан рұқсат сұрайды деп ойлайсыз ба?! Елестете де алмадыңыз, иә?!

Мен сізді орыс бола тұрып, қазақ ұлтының билігін мойындап, қазақтың тілін құрметтегеніңіз үшін, осылайша басқа да орыс азаматтарға үлгі болғаныңыз үшін сыйлаймын! Ақылды да иманды адам екеніңізге әлі де сенімдімін; өтінемін, шовинистерге мүмкіншілік беру қорқынышы бар осындай қате пікірден қайтыңыз, - деп жазды желіде Оғыз Доған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі