Депутат Бәлиева ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды

ortcom.kz
Бүгінде алғашқы жарнаны көпбалалы отбасы былай тұрсын, жас отбасының өзі жинай алмайды.

Парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева 2 проценттік ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат атап өткендей, бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасын қолға алды. Соның аясында көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасыларға 2 проценттік баспана кредиті беріледі. Бірақ ол үшін 10 процент көлемінде алғашқы жарнаны салу қажет.

"Осы уақытқа дейін небары 3 000 өтініш түскен екен. Неге? Себебі 10 проценттік алғашқы жарнаны бәрі бірдей тауып бере алмайды. Банк алғашқы жарна адамның төлем қабілеттігі үшін керек дейді. Ерлі-зайыптылар жалақы туралы анықтаманы көрсетсе, жетпей ме? Мәселен, астанада көпбалалы отбасы жалдамалы пәтер үшін 40-100 мың теңге төлейді. Одан да алғашқы жарнасыз кредит алып, ол ақшаны соған жұмсаған тиімді емес пе?", - деді Бәлиева бүгінгі үкімет сағатында.

Депутаттың сөзіне қарағанда, бүгінде алғашқы жарнаны көпбалалы отбасы былай тұрсын, жас отбасының өзі жинай алмайды. Сондықтан халықа сеніммен қарап, 2 проценттік ипотеканы алғашқы жарнасыз берген дұрыс. Сонда осы бағдарламаға сұраныс та артады.

"Мен өзім есептеп көрдім. Мысалы, жергілікті жерде 10 миллион теңгені 20 жылға алғашқы жарнасыз беретін болсақ, онда ай сайын 58 332 теңгені аудару керек. Ондай ақшаны кез келген отбасы төлей алады. Көпбалалы отбасы болсын, мүгедек баласы бар отбасы болсын, барлығы оңай төлей алады. Ал Нұр-Сұлтан қаласында кредитке 15 миллион теңге берілсе, ай сайын 87 500 төлеу керек. Ол да қиын емес", - деп атап көрсетті Бәлиева.

Осы орайда депутат "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатыса алатындардың қатарына жас отбасыларды да қосуды ұсынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды