Физика бойынша Нобель сыйлығының иегері Мишель бар ғаламда Құдайға орын жоқ деп санайды. Бұл туралы ғалым El Pais-қа берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды Vesti.ru.
- Дін Көктен бізге қарап тұратын ғаламат күш иесі тіршілікті тек Жерде жаратқан деп санайды. Алайда, ғылыми фактілер тіршіліктің тууы, пайда болуы - табиғи процесс екенін дәлелдеді, - деді ол.
2019 жылы 8 қазанда Мишель Майор физика саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Ол өзінің шәкірті Дидье Келомен бірге астрономияда төңкеріс жасаған алғашқы экзопланетаны ашты. Бүгінгі таңда ғаламда Жерге ұқсас 4 мыңнан астам нысан табылған.