Қазақстан мен Иордания онкологияны зерттеу саласында ынтымақтасады

Сенаттың баспасөз қызметі
Тараптар Тұңғыш Президент Қорының және Король Хусейннің Обырмен күрес қорымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының дүниежүзілік саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы палата басшысы Иордания Хашимит Корольдігінің патшайымы, Қатерлі ісікті халықаралық бақылау одағының президенті Дина Миредпен кездесті. Тараптар Тұңғыш Президент Қорының және Король Хусейннің Обырмен күрес қорымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

"Тұңғыш Президент Қоры денсаулық сақтау және жастардың ғылыми зерттеулерімен бірге түрлі бағыттардағы жобаларды қаржыландырады. Қордың директоры ретінде біздің ұйымдардың ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамын. Біз онкология мәселелерін зерттеу саласындағы жұмысымызды күшейтуге ықыластымыз", - деді Дариға Назарбаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай