Асқар Мырзахметов Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды

Қожалық су мәселесі шешілгеннен соң биыл алғаш рет 30 гектарға жүгері егуді қолға алған.

"Бекжан" шаруа қожалығының жүгері алқабымен танысудан бастады. Өткен жылы өңірімізде құрылған механикалық жасақ облыс аумағындағы тозығы жеткен канал, бөгендерді тазалап, тиімді жолмен суармалы алқаптың көлемін кеңейтуде жемісті жұмыстар жүргізуде. Сондай ілкімді істің игілігін көре бастағандардың бірі -Мойынқұм ауылындағы "Бекжан" шаруа қожалығы.

Қожалық су мәселесі шешілгеннен соң биыл алғаш рет 30 гектарға жүгері егуді қолға алған. Ойдағыдай өнім алуды көздеп отырған қожалық келер жылы жүгері алқабын кеңейте түспек.

Облыс орталығынан ең шалғай орын тепкен Мойынқұм ауданы да ауқымды жобадан сырт қалмақ емес. Өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасына ауданнан Кеңес ауылдық округі енген. Оған бір ғана Айдарлы елдімекені қарасты. Округте барлығы 363 аула бар болса, онда барлығы 2004 халық тіршілік кешуде. Ауылда барлық аула сумен толығымен қамтылған десек, ондағы үй іргесіндегі жер көлемі 58 гектарды құрайды.

Бұл жерлерді тиімді пайдаланып, табысқа кеңелуге 318 аула ынталы. Сондай-ақ, 93 аула 1 395 бас мал алуға ниетті.

Жоба аясында малға жем-шөп дайындау, техника тапшылығын шешу, сапалы тұқыммен қамту, өнім көлемін арттырып, өткеру мәселелері шешілмек.

Айта кетейік, ауылдық округтегі жалпы 363 аулада 2004 адам тұрады. Ондағы үй іргесіндегі 58 гектар жер 100 пайыз сумен қамтылған.

Бүгінде жобаның бірінші бағыты бойынша тиімді несиеге 318 аула өтінім берген. Ал, екінші бағыт аясында 93 аула иелерінен 1 395 бас мал алуға деген сұраныс түскен.

Асқар Исабекұлы жоба игілігі жалпы аулаларды тұтастай қамтуға негізделгенін айтып, оған барлық тұрғындарды тарту жолында жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Жиында басқа да бағыттардағы қолға алынған шаралар сараланды. Тұрғындардың сауал-тілектері тыңдалып, жан-жақты жауаптар берілді. Аймақ басшысы Мойынқұм ауылы Омаров көшесінде орналасқан №8 Мойынқұм колледжіне ат басын бұрып, бос тұрған ғимарытының жай-күйін барлады. Бос тұрған ғимарат 25 пәтерлі жатақхана болып қайта жасақталып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілмек.

Ол үшін нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды.

Сондай-ақ, Мойынқұм ауылындағы аудандық орталық ауруханаға барған Асқар Исабекұлы нысанның жағдайына көңіл бөлді. 90 төсектік, 200 келушіге арналған ауруханаға 2005 жылы пайдалануға берілген.

Облыс басшысына нысанның бірқатар мәселесі баяндалды.

Атап айтар болсақ, қабылдау бөлімінде тәулік бойы шұғыл көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін бөлімнің ішкі құрылымын өзгерту және А корпусына анамен балаға қауіпсіз емделуге жағдай жасау үшін есік терезені ауыстыру, заман талабына сай ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Асқар Исабекұлы жөндеу жұмыстарының маңыздылығына мән беріп, алайда жасалынған жоба құның оңтайландыруды тапсырды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: