Қазақстан – Беларусь арасындағы сауда айналымы 900 млн долларға жуықтады

"Беларусь президенті Александр Лукашенконың сапары өзара байланысты одан әрі дамытуға серпін беруі тиіс", - дейді мамандар.

Беларусь Қазақстанның сенімді одақтасы әрі серіктесі болып табылады. Қос ел көптеген салаларда тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен кәсіпорындар құру арқылы да экономиканың дамуына өзіндік үлес қосып жүр, деп хабарлайды Хабар 24.

"Беларусь президенті Александр Лукашенконың сапары өзара байланысты одан әрі дамытуға серпін беруі тиіс", - дейді мамандар.

Тәуелсіз Қазақстан мен Беларусь арасында тұңғыш құжатқа 1992 жылы қол қойылды. Қос мемлекет дипломатиялық қатынастың іргетасын қалаған болатын. Ал, бүгінге дейін жүздеген маңызды келісімдер жасалып, ара-қатынас әбден нығайды. Тараптар арасындағы байланыс Достық пен ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа негізделген. Бұл қатынастар әлеуметтік саладан бастап мемлекеттік қауіпсіздікке дейін бүкіл салаларды қамтиды.

Өткен жылы Минскте үкіметаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтіп, мамандар "Жол картасының" барлық тармақтарын талқыға салған болатын.

Ирина Новикова, экономика ғылымдарының докторы:

- Қазір интеграция бағытында келесі қадам жасауымыз керек. Бірыңғай иновациялық кеңістік қалыптастыру қажет. Соңғы уақытқа дейін біз Еуроодақ жолын қайталап келдік. Алайда еуропалық елдер индустриалдық экономика кезінде біріккенін ескеруге тиіспіз. Бүгінде постиндустриалдық дәуірге қадам бастық. Әсіресе, бұл Қазақстанда байқалып отыр. Мемлекет өз жастарын шетелдерде білім алуға жібереді.

Тараптар әскери саладағы әріптестікке ерекше назар аударады. Жиырма жылдан асты, арнайы комиссия жұмыс істеп келеді. Соның нәтижесінде авиатехниканы жөндеу мен жаңғырту бойынша бірлескен жобалар жүзеге асты. Қазақстанға авиатренажерлер мен тікұшақтарды жеткізу ұсынысы қарастырылуда. Қазақ-беларусь арасындағы түсініктің кезекті бір дәлелі – Еуразиялық экономикалық одақты құру.

Ирина Новикова, экономика ғылымдарының докторы:

- Біз тауар тасымалын әртараптандырамыз. Қазақстан құбыр желісі арқылы тасымалдау ісінде өз мүддесі болды. Осылайша, біз Ресей құбыры арқылы қазақ мұнайына қол жеткізе аламыз.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қос ел арасындағы сауда айналымы 900 миллион долларға жуықтады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 30%-ке артқан. Жақын арада екіжақты сауда айналымы бір миллиард долардан асатын түрі бар. Александр Лукашенконың Қазақстанға сапары қарым-қатынастарымыздың одан әрі дамуына қосымша серпін беретіні айқын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: