Білім вице-министрі Шолпан Каринова қанша айлық алатынын айтты

primeminister.kz
Біздің еңбекақымыз мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілімізге байланысты есептеледі.

Білім вице-министрі Шолпан Каринова қанша айлық алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Жалақы жүйесі бойынша, біздің еңбекақымыз мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілімізге байланысты есептеледі. Негізінен, осы нәрсе есепке алынады. Қазір мен 600 мың теңге жалақы аламын, - деді Шолпан Каринова ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатынан кейінгі тілші сауалына берген жауабында.

16 қазанда мемлекеттік қызметкерлерге қазынадан бөлінетін ақша триллион теңгеден асатыны хабарланған. Бұл реттегі шығын тағы артапаса кемімейді, себебі мемлекеттік қызметшілердің жалақысы тағы өскелі жатыр. Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов алдында өзінің айлық жалақысы 915 мың теңге екенін айтқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео