Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен Үкіметте өткен жиындарда талқыланып, пысықтау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері - Азаматхан Әміртаев, Арман Шораев және Айдос Сарымды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Байтақ болашақ" Экологиялық альянсы" РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен кездесу барысында еліміздегі экологиялық ахуал, халықтың экологиялық түсінігі мен мәдениетін арттыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. Әміртаев шағын және орта бизнесті қолдауға және экологиялық жобаларды іске асыру үшін шетел инвестициясын тартуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

"Қазақстан барысы" даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев Президентке ішкі және сыртқы туризм саласындағы кейбір қордаланған проблемаларды шешу жолдарын, қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жайындағы көзқарасын жеткізді.

Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесуде Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму перспективалары, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне оның әсері, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асырылуы мен идеологиялық саясаты сияқты мәселелер қозғалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен Үкіметте өткен жиындарда талқыланып, пысықтау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

– Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Жуық арада кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістерді пысықтау керек. Содан кейін Ұлттық кеңестің екінші отырысы шақырылады, – деп қорытындылады Президент.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды