Катонқарағай бес ірі жоба іске асырылады

newtimes.kz
Биыл Алтынбел, Үлкен Нарын, Катонқарағай ауылдарында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Катонқарағай ауданындағы бес тірек ауылда инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады. Мұндағы басты мақсат – елді мекендерді көркейтіп, халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Катонқарағай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлім етті.

Катонқарағай ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Елбасының «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылады.

– Аққайнар, Солдатова, Ново-Хайрузовка ауылының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұл «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында іске асырылды, - деді аудан басшысы.

Биыл Алтынбел, Үлкен Нарын, Катонқарағай ауылдарында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 30 миллион теңге бөлінді. Оған балаларға арналған ойын алаңдары салынды. Бұдан бөлек workout алаңдары орнатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді